ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБТЫҢ ТӨРАҒАСЫНАН АЛҒЫС ХАТFarabi University

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБТЫҢ ТӨРАҒАСЫНАН АЛҒЫС ХАТ

6 қараша, 2024

Ағымдағы жылдың 06 қазанында өткен АЭС салу жөніндегі референдумның Егеменді еліміздің болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. Осыған орай республикадағы партиялар мен қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. 06 қыркүйек күні Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысын өткізді. Штабтың құрамына 6 саяси партияның, сондай-ақ шамамен 20 республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілі кірді.

«АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан Халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді»,–деді Ерлан Қошанов.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Керімбек Ғалымжан Есқараұлы қоғамдық талқылаудан сырт қалмастан, экономист сарапшы ретінде өз көзқарасын білдіріп, бірнеше БАҚ-да мақаласы жарияланды және сұқбат берді. Атап айтқанда: «Қазақ әдебиеті» газеті «АЭС-тің экономикалық әсері қандай?» №35 (3928), 06.09.2024ж.; «Аlmaty aqshamy» газеті «АЭС-тің экономикалық әсері жоғары» №73 (6524) 06.09.2024ж.; «Егемен Қазақстан» газеті «АЭС-тің ел дамуындағы әсері» 08.09.2024ж.; «Хабар» телеарнасының «Жаңалықтар» бөлімінде АЭС туралы тікелей эфирде сұқбат (08.09.2024ж.); «Қазақ университеті» газеті «АЭС-тің экономикалық әсері қандай?»№30 (1942) 09.09.2024ж.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Аманат партиясының Саяси Кеңес мүшесі ретінде, бірнеше мекемеде өткізілген кездесулерге қатысып, баяндама жасадым, халықтың көкейтесті сұрақтарына жауап бердім.

Республикалық халықтық штабтың Төрағасы Ерлан Қошанов мырза, қоғам алдындағы белсенді еңбегімізді бағалап, Алғыс хатпен марапаттады.