2024 жылдың 5 қарашада (14 ТДМ) «ТЕҢІЗ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН САҚТАУ» мақсатында 117 топ студенттері мен «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушысы Базартаева Еркеназ Базартайқызы мен өзекті мәселені көздей отыра Алматы қаласының Орталық демалыс саябағында экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында студентер қала үшін ғана емес барша қоршаған орта үшін судың маңызды рөлін көрді.
Экскурсия мақсаты : Теңіз экожүйелерін сақтау – оларды қорғау және олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету Бұл экожүйелер планетадағы оттегінің негізгі бөлігін өндіреді, көмірқышқыл газын сіңіреді және көптеген тіршілік иелеріне өмірлік қажетті орта болып табылады. Теңіз экожүйелерін сақтау арқылы біз биологиялық әртүрлілікті қорғап қана қоймай, климат өзгерісіне қарсы тұруға да өз үлесімізді қосамыз.
Біздің басты мақсатымыз : Теңіз суларының адамза үшін маңыздылығын түсіндіру.Себебі біздің өміріміз қоршаған ортаман тығыз байланыста екені анық.
Теңіз сулары адамзат үшін аса маңызды ресурс болып табылады. Олар өмір сүру үшін қажет су, қорек, энергия және табиғи ресурстардың қайнар көзі болып келеді. Міне, теңіз суларының адамзат үшін басты маңыздары:
Азық-түлік көзі: Теңіздер мен мұхиттарда әртүрлі балықтар, моллюскалар және басқа теңіз өнімдері бар, олар миллиардтаған адамдар үшін негізгі қорек көзіне айналды.
Экономикалық пайда: Теңіздер мен мұхиттар әлемдік сауда жолдары үшін өте маңызды. Әлемдегі тауарлардың көп бөлігі теңіз арқылы тасымалданады, бұл сауда мен экономикаға үлкен әсерін тигізеді.
Энергия көзі: Теңіздерде мұнай, газ, жел энергиясы сияқты энергия көздері молынан бар. Қазіргі таңда теңіздегі энергия өндіру технологиялары дамып, экологиялық таза энергияны алуға мүмкіндік беріп жатыр.
Табиғи циклдарды реттеу: Теңіздер мен мұхиттар климаттық реттеуші ретінде қызмет етеді. Олар көмірқышқыл газын сіңіріп, жер бетіндегі климатты тұрақтандыруға көмектеседі. Сонымен қатар, мұхиттар жылуды сақтап, жердің температурасын реттейді.
“Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасы.