- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ҮДЕРІС АЯСЫНДАҒЫ ЕУРОПА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
«ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ҮДЕРІС АЯСЫНДАҒЫ ЕУРОПА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы «Әлемдік тарихи үдеріс аясындағы Еуропа және Қазақстан» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Конференция Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің, ҚР ҒжЖБ Министрлігінен құрмет грамотасы, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев атынан Алғыс хат, Мемлекеттік кеңесші Е.Т. Карин атынан Алғыс хат иегері Г.К. Көкебаеваның 70-жылдық мерейтойына арналған.
Конференция жұмысының бағыттары
- Әлемдік тарихи процес аясындағы Еуропа тарихының пәнаралық аспектілері;
- Еуропа мен Қазақстан тарихындағы соғыс пен бейбітшілік проблемалары;
- Әлемдік тарихи процесс аясындағы Қазақстан тарихы, археологиясы және этнологиясының өзекті мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.
Өткізілетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Кітапханасы, 3 қабат, № 308 (Абай Залы).
09.00 - тіркеу, 10.00 - конференцияның басталуы.
Форматы: оффлайн, онлайн
Отырыстың түрі: жалпы және секциялық отырыс.
Конференция бағдарламасын дайындау үшін секциялар бойынша баяндама тақырыбын 2024 ж. 25 қарашаға дейін, ал баяндама материалдарын 2024 ж. 6 желтоқсанға дейін электрондық пошта мекенжайына жіберуді сұраймыз zhan.dsmk@gmail.com. Конференция материалдары электрондық жинақ түрінде шығарылады. Мақалаларды жариялау тегін.
Мақаланың мәтініне қойылатын талаптар: Мақаланың көлемі 5-8 бетті (әдебиеттер тізімін қоса алғанда) құрауы тиіс. Жариялау үшiн мақала мәтiнi мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс: мақаланың мәтiнi мен тiркеу нысаны Times New Roman қарпiмен терiлуi тиiс (кегль 14), аралық - 1,0, А4 форматындағы стандартты парақта, жиектер: сол жақта - 3 см, оң жақта - 1,0 см, жоғарғы жағы - 2 см, төменгi жағы - 2 см.
Беттің ортасында бас әріптермен қалың қара қаріппен баяндаманың атауы жазылады; бір жолдан кейін автордың тегі мен аты-жөні, мекеменің толық атауы, лауазымы, қаланың атауы жазылады.
Төменде, бір жолдан кейін курсивпен Times New Roman (12) андатпа (3-4 сөйлем), түйінді сөздер жазылу керек. Төменде бір жолдан кейін мақаланың мәтіні орналасады. Мақаланың мәтінінен кейін пайдаланылған әдебиеттердің тізімі орналастырылады. Ұйымдастыру комитетіне мерзімінен кеш жіберілген және талаптарға сәйкес рәсімделмеген материалдар конференция жинағына енгізілмейді. Конференцияға қатысушылардың іссапар шығыстары жіберуші тараптың есебінен.
Электрондық поштаға жіберілетін өтінім мен мақала 2 файл түрінде болуы керек, файл атауларында ұсынушы ғалымның тегі жазылуға тиісті:
Конференцияға қатысуға өтінім
1 |
Аты жөні |
|
2 |
Елі, қаласы |
|
3 |
Жұмыс орны, қызметі |
|
4 |
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы |
|
5 |
Мобильді телефон |
|
6 |
Электронды пошта (e-mail) |
|
7 |
Баяндама тақырыбы (мақала) |
|
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. ГУК-3. 4 қабат. Тарих факультеті. Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, 415 кабинет, 421.
Байланыс телефондары: Дюсембек Жанна, моб.телефон: +7 778 111 6379; 87273773333 (ішкі. 12-84)