ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫ, БЕЛГІЛІ ЭКОНОМИСТ МАҚСАТ ХАЛЫҚПЕН ӨТКЕН ҚОНАҚ ДӘРІС
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасы «Ұлттық валюта – Теңге күні» мерекесіне орай 10 күндік іс-шараны өткізуді ұйымдастырды. Осы іс-шараның ашылуын салтанатты түрде өткізу ТДМ 4 «Сапалы білім беру», ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» аясында 2024 жылы 5 қараша күні сағат 11.00-де «Қаржы және есеп» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерінің қатысуымен қонақтық дәріспен бастады.
«Қаржылық сауаттылық негіздері» пәнін оқытушы «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Асилова Айжан Сәрсенқызының сабағына қонақ дәріске тәуелсіз сарапшы, белгілі экономист Мақсат Халық шақырылды.
Дәріс барысында қаржылық сауаттылықты арттырудың өзекті мәселелері қарастырылды. Мақсат Халық өткізген дәрісінде әр жеке тұлға үшін қазіргі таңда қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы мен қажеттілігі бойынша бірнеше нақты мысалдар келтіре отырып, қарапайым түрде түсіндірді. Білім алушылар өздерін қызықтырған және көкейтесті мәселелер бойынша сұрақтарын қоюдың негізінде аудиторияда кері байланыс орын алды.
Білім алушылар үшін қонақ дәріс мәнді, мағыналы, пайдалы, әсерлі болды. Дәріске қатысқан оқытушылар мен білім алушылар өз ризашылығын білдіріп алғысын айтты.