“Құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық мемлекетті құру негізі”
2024 жылдың 8 қарашасында. «4 ТДМ Сапалы білім» мақсатында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық»кафедрасының оқытушылары з.ғ.к. доцент Жарболова А.Ж., Базартаева Е.Б. өзекті мәселені көздей отыра Алматы қаласының М.Базарбаева атындағы №138 мектеп гимназиясына барып, мектеп оқытушыларымен және 10 сынып оқушыларымен кездесіп “Құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық мемлекетті құру негізі” тақырыбында дәріс оқып қайтты.
Біздің басты мақсатымыз: Адамның және қоғамның құқыққа деген көзқарасын, оны сақтау мен құрметтеуді, сондай-ақ заңдарды түсініп қолдану қабілетін ұлғайту. Құқықтық мәдениет қоғамның құқықтық нормаларды игеруі, оларды өз өмірінде, күнделікті әрекеттерінде қолдануы мен іске асыруы тұрғысынан маңызды. Айта кетсек, құқықтық мемлекеттің басты мақсаты — адамның және азаматтың құқықтарын сақтау, қорғау және жүзеге асыру, мемлекеттік билік органдарының заңға бағынуын қамтамасыз ету.
"Мемлекет және құқық теорисы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы.