Платформа мейрамханалар орталығына экскурсия

9 қараша, 2024

2024 жылы  5 қараша «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығының қазақ бөлімінің 4 курс студенттері кафедра оқытушыларымен бірге  «Платформа» мейрамханалар орталығына барды. «Платформа» мейрамханалар орталығына барудың мақсаты студенттерді мейрамхана бизнесі мен қонақжайлылық саласындағы эстетика мен дизайнның маңызы және мейрамхананың дамудағы әсерін бақылау болды.

Іс-шара бағдарламасы:

Іс-шара үш негізгі бөлімнен тұрды:

1. Мейрамханаға экскурсия және оның эстетика және дизайнымен танысу. Студенттер мейрамхананың ішкі ұйымымен, оның асханасымен, сонымен қатар, мейрамхана орталығының дизайнымен толық танысқан болатын. Экскурсияның маңызды бөлігі мейрамхананың экстерьері және интерьерінің заман талабына сай болып жасалуы мен қонақтардың көптеп келуі үшін эстетиканың қалай әсер ететіндігін білу болды.

2. "Мейрамхана бизнесіндегі эстетика және дизайн" тақырыбында дәріс. Дәріс барысында мейрамхана өкілі студенттерге мейрамхана индустриясында қолданылатын замануи дизайн түрлерін талдай отырып, оның мейрамхана эстетикасындағы маңыздылығын түсіндірген болатын. Сондай-ақ, қонақжайлылық саласында тұтынушылардың эстетикаға деген талаптарын қалай дұрыс қолдануға болатындығын айқындап көрсетті.

3. Платформа мейрамхана орталығының тағамдарынан дәм тату. Іс-шара соңында студенттер  «Платформа мейрамханалар орталығының» әртүрлі ас үйлерінің тағамдарынын дәмін татуға қатысты. Платформаның мейрамхана орталығының тағамдарынан дәм тату ұсынылатын тағамдардың сапасын, олардың дәмдік сипаттамаларын, мәзір туралы жалпы әсерді бағалау мақсатында жүргізілді.

"Платформа" мейрамханалар орталығына  бару "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі" мамандығының 4 курс студенттері үшін пайдалы және танымдық тәжірибе болды. Олар мейрамхана бизнесіндегі эстетика және дизайнның маңыздылығы туралы біліп қана қоймай, оны мейрамхананың табыстылығын арттыруда қандай мысалдар қолданылу керектігін көрді. Бұл іс-шара студенттерге қонақжайлылық индустриясындағы тұрақтылықтың маңыздылығын жақсы түсінуге көмектесті және олардың одан әрі кәсіби өсуіне пайдалы болады.