.jpg)
ТДМ «Сапалы білім беру» бағытындағы 4-ші және «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» 8-ші мақсаттарына сәйкес 2024 жылдың 2 қарашасында Экономика және бизнес жоғары мектебі «Экономика» кафедрасы ұйымдастырумен «Макроэкономикадан» пәндік олимпиада - «MacroMind» сайысы өтті. «MacroMind» сайысына факультеттің «6В04103 - Экономика», «6В04109 - Цифрлы экономика», «6В04106 - Қаржы»,« 6В04105 - Есеп және аудит»,« 6В04102 - Менеджмент»,« 6В04111 - Логистика» мамандығы 2 және 3-курс студенттері қатысты. Сайыс кезеңдік жарыс сипатында өтті. Сайысқа қатысушылар макроэкономикалық мәселелерді, соның ішінде: шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдай жасау, ел экономикасын әртараптандыру, жұмыссыздық мәселесін шешу, ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, экономикалық өсуді тұрақтандыру бойынша жобалық жұмыстарды ұсынып қорғады. Сайыс қорытындысы ретінде жеңімпаздар мен белсенділер марапатталынды.
Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының оқытушылар құрамы: Иляшова Г.К., Тураров Д.Р., Ережепова А.А., Кулиев И.У., Жоламанов Е.М., Есенгельдиева А.А., Андабаева Г.К.
Басқа жаңалықтар

