Студенттерге арналған экскурсия

10 қараша, 2024

Метеорология және гидрология кафедрасы  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу метеорологиялық алаңына және ауа райы бюросына "Химиялық инженерия" мамандығының 4 курс студенттеріне экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия "Ауаның ластануын бақылау" курсының (оқытушы Омарова А.С.) аясында өтті.

Метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың таралуы мен жинақталуында маңызды рөл атқарады, сондықтан бұл процестерді түсіну ауаның ластануына мониторинг жасаудың маңызды элементі болып табылады. Экскурсия барысында метеорология және гидрология кафедрасының аға ғылыми қызметкері, PhD Мадина Тұрсұмбаева студенттерді метеорологиялық ақпараттың негізгі түрлерімен және метеорологиялық станцияларда бақылау жүргізу әдістерімен таныстырды, метеорологиялық деректердің ауа сапасын тиімді бақылаудағы маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, география және табиғатты пайдалану факультетінің ауа райы бюросының синоптигі Гүлтансық Медеуова метеорологиялық деректерді ауа райы болжамын жасау процесінде қолдану туралы айтып берді.