«Халықаралық құқықтың өзекті мәселелеріне арналған семинар»

5 қараша, 2024

    2024 жылғы 5 қараша күні студенттік заң клиникасының  ұйымдастыруымен  студенттердің құқықтық білімін арттыру мақсатында халықаралық құқықтың өзекті мәселелеріне арналған  семинар-сабақ өтті.

    Осы семинарға студенттік заң клиникасының директоры Бакиров Д.А., студенттік заң клиникасының директорының орынбасары Кушбаева Ә.У., заң факультетінің 3 курс студенттері,  және де арнайы шақырылған қонақ – халықаралық құқық саласындағы маман, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Аманжолов Жайсанбек Мейірбекұлы қатысты.  

     Аталған семинар барысында Аманжолов Жайсанбек Мейірбекұлы халықаралық құқықтың негізгі институттары мен өзекті мәселелері жөнінде өз ойымен бөлісіп, жастардың құқықтық санасы мен қазақстандық құқық туралы білімін арттыруда адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық құжаттарды білудің маңыздылығын атап өтті.