ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат

1 қараша, 2024

2024 жылдың 1 қарашасында 1-курс магистранты Д.М. Алтыбай куратор-эдвайзер Ф. Б. Белисаровамен "6B05304 - Физика" мамандығы бойынша 101 студенттер тобымен ТДМ 3 "Жақсы денсаулық және салауаттылық" тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты студенттік өмір, әсіресе оқудың бастапқы кезеңдерінде стрессті және эмоционалды шиеленісті тудыруы мүмкін екенін түсіндіру болды.  

Кураторлық сағаттың міндеттері:

1.      Студенттерді ТДМ 3 тұжырымдамасының негіздерімен және оның денсаулық пен әл-ауқат үшін маңыздылығымен таныстыру.

2.      Студенттік өмірдегі стресс пен күйіп қалудың себептерін түсіндіру.

3.      Стресстің алдын алу және психоэмоционалды денсаулықты сақтау бойынша ұсыныстар беру.

4.      Шамадан тыс жүктемелердің алдын алу үшін уақытты басқару және оқу жүктемесін азайту дағдыларын қалыптастыру.