- Басты бет
- Жаңалықтар
- 11 қараша күні Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті
11 қараша күні Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті
11 қарашада жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобаларының республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Бұл шара талантты оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға, инновациялық идеяларды қолдауға және шығармашылық ойлауды жетілдіруге бағытталған. Конкурстың маңызды мақсаты — оқушыларды ғылымға баулу және олардың жеке қабілеттерін ашуға қолдау көрсету. (ТДМ 4)
Конкурстың қазылар алқасына ҚазҰУ-нің механика кафедрасының оқытушылары шақырылды: техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жумашева Ж.Т., PhD Калиева Н.Б., PhD Ахметова Б.И. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жобаларын бағалауда кәсіби көзқарас танытып, олардың ғылыми жаңашылдығы мен өзектілігіне ерекше назар аударды.
Конкурс бірнеше секция бойынша өтті, соның ішінде Техника және Жер және ғарыш туралы ғылым секциялары ерекше қызығушылық тудырды.
Техника секциясы қатысушылардың техникалық ғылымдардағы түрлі мәселелерді шешуге арналған зерттеулерімен толығып, олар түрлі құрылғыларды әзірлеу, жаңа әдістерді енгізу және инженерлік есептерді шешу бағытында тың идеяларын ұсынды.
Жер және ғарыш туралы ғылым секциясы оқушылардың ғарыш кеңістігін зерттеуге, Жер планетасының экологиясына қатысты жаңа ақпараттық және технологиялық әдістерді қолдану бойынша жобаларымен ерекше болды. Әсіресе ғарышты игеру мен ғаламдағы құбылыстарды талдау бағытындағы жұмыстар көпшіліктің назарын аудартты.(ТДМ 7)
Конкурс нәтижесінде үздік деп танылған жобалар келесі кезеңге жолдама алды. Бұл оқушыларға өздерінің ғылыми әлеуетін республикалық деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.
Конкурс қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтап, келесі кезеңдерде табысқа жетулеріне тілектестік білдіреміз!
Ахметова Балжан Ибрагимқызы,
Механика кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары