Ұлттық валюта күніне арналған ғылыми-тәжірибелік семинар – ТеңгеFarabi University

Ұлттық валюта күніне арналған ғылыми-тәжірибелік семинар – Теңге

11 қараша, 2024

11 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары экономика және бизнес мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасы мен Экономикалық зерттеулер орталығы Ұлттық валюта күні – Теңгеге арналған ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді. Семинарға Jusan Analytics, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары, Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері және басқа да қаржы саласының мамандары, кафедраның профессорлары мен оқытушылары, докторанттары қатысты.

Семинардың негізгі тақырыбы «Қазақстан экономикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ұлттық валютаның рөлі» болды. Негізгі талқылаулар валюта саясатының болашағы, қаржылық тұрақтылыққа әсер ететін негізгі факторлар және цифрлық экономикадағы ашық банкингті енгізуге байланысты мәселелерге арналды. Сарапшылар ғаламдық экономикалық өзгерістер жағдайында теңгені нығайту стратегиясын, қаржылық тұрақтылықты қолдау жолдарын және банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда заманауи технологиялардың рөлін қарастырды.

Семинар қызу пікірталаспен аяқталып, оның барысында Қазақстанның қаржылық саясатын одан әрі дамыту бойынша практикалық ұсыныстар жасалды. Бұл іс-шара ұлттық валютаның ел экономикасының тұрақты дамуының негізгі элементтерінің бірі ретіндегі маңыздылығын атап өтті.