"Аудит: жаңа құралдар мен үрдістер" тақырыбында дөңгелек үстелFarabi University

"Аудит: жаңа құралдар мен үрдістер" тақырыбында дөңгелек үстел

12 қараша, 2024

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 02 қыркүйектегі "Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауының бесінші бағыты "Еліміздің кадрлық әлеуетін дәйекті түрде арттыру маңызды" және 4 ЦУР  "Барлық қамтылған және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және баршаның өмір бойы білім алу мүмкіндігін көтермелеу" іске асыру шеңберінде 2024 жылдың 12 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасы: Халықаралық бухгалтерлер күніне арналған" цифрландыру жағдайындағы Аудит: жаңа құралдар мен үрдістер" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына жоғары мектеп әкімшілігі, ПОҚ кафедрасы, профессор-оқытушылар құрамы мен ЭжБЖМ жас ғалымдарының әріптестік өзара іс-қимылын дамыту мәселелерін талқылаған қонақтар, цифрландыру жағдайында аудит саласындағы нақты, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған қоғамдық ұйымдар мен практик-мамандардың өкілдері қатысты, Экономика және бизнес Жоғары мектебінің білім алушыларын бухгалтерлік есеп пен аудиттің практикалық мәселелерін шешуге тартылды.