- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ: «ЖҮСІПБЕК ҚОРҒАСБЕК ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ МИФТЕР ҚУАТЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ РЕАЛИЗМ: АВТОРМЕН КЕЗДЕСУ»
ТДМ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ: «ЖҮСІПБЕК ҚОРҒАСБЕК ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ МИФТЕР ҚУАТЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ РЕАЛИЗМ: АВТОРМЕН КЕЗДЕСУ»
«ТДМ 4. Сапалы білім беру» аясында 2024 жылдың 13 қарашасында «8D02310-Инновациялық әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанты Гүлнар Ахметованың «Қазіргі қазақ әңгімелері мен повестері» пәні бойынша «Жүсіпбек Қорғасбек туындыларындағы мифтер қуаты мен психологиялық реализм: автормен кездесу» тақырыбында ашық семинар сабағы өтті. Ашық семинарға белгілі жазушы, журналист Жүсіпбек Қорғасбек, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба және текстология орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жұмашай Сайлауқызы Рақыш, пән оқытушысы Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Шоқан Амангелдіұлы Шортанбай, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Айнұр Ахметова және 1 курс докторанттары қатысты.
Іс-шараның негізгі идеясы – аудиторияны жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің шығармашылық лабораториясымен таныстыру арқылы қазіргі қазақ әдебиетіндегі проза жанрындағы мифтердің қолданылу аясын қарастыру. Шара барысында студенттер жазушының прозалық туындыларындағы негізгі тақырыптар мен идеяларды талдады. Ашық семинар сабағы интерактивті байланысқа: сұрақ-жауап арқылы жазушы мен оқырман арасында диалог орнатуға негізделді. Білім беру саласындағы әдіс-тәсілдер мен цифрлы технология мүмкіндіктерін қолдануға негізделген ашық семинар сабағы студенттердің жазушы Жүсіпбек Қорғасбек шығармаларын әр қырынан меңгеруіне үлес қосады. Ашық семинар сабағының соңында студенттер «Сабақтан қандай әсер алдым? Қандай ой түйдім? – деген бағалау парағын толтырып, кері байланыс жасады.
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы
кафедрасының
аға оқытушысы Ш.А. Шортанбай