«Кедейлікті жою»

14 қараша, 2024

11.11.2024, PhD доктор Мырзатаев Н.Д. және 1-курс студенті Қалау Ф.Р. ұйымдастыруымен 107-топ студенттерімен ТДМ №1 «Кедейлікті жою» тақырыбында кездесу өткізілді. 

Кедейлікті жою БҰҰДБ-ның негізгі міндеттемесі болып табылады. Ұйым кедейліктің барлық формаларын жою және әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету арқылы әрбір адамға лайықты өмір сүру мүмкіндігін ұсынуды көздейді. 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібі шеңберінде кедейлікті жою – адам құқықтары мен тұлғаның қадір-қасиетін құрметтейтін әлемді құру үшін аса маңызды міндет.

БҰҰДБ-ның 2022–2025 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары кедейлікті жою мәселелерінде маңызды рөл атқарады. Бұл стратегия елдер мен қауымдастықтарға кедейлікті жоюға бағытталған прогресті жеделдетуде, сондай-ақ кедейліктің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерін ескере отырып, шешімдер ұсынуда қолдау көрсетуге бағытталған.

Мемлекеттік мекемелерге кедейлікті жою, теңсіздікті азайту, басқару, тұрақтылық, қоршаған орта және гендерлік теңдік мәселелері бойынша жаңа буын саясатын жүзеге асыруда қолдау көрсету үшін алты шешім ұсынылады. Бұл шаралар кедейліктің тамырын жою және барлық азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.