“Денсаулықты сақтау” мәселесі бойынша кездесу

14 қараша, 2024

11.11.2024 ,PhD докторы Мырзатаев Н.Д және 1 курс студенті Мазимакан А.Д ұйымдастыруымен 107- топ студенттерімен ТДМ №4 “Денсаулықты сақтау” мәселесі бойынша кездесу өткізілді.
Тұрақты даму мақсаттарының бірі :”Салауатты өмірді қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру”.Бұл мақсат денсаулық сақтау саласындағы жаһандық проблемалардың кең ауқымын шешуге арналған кешенді күн тәртібін қамтиды. 
 2020 жыл барлық елдердің денсаулық сақтау жүйелері үшін үлкен сынақ болды. Бұл залал ең ауыр соққыны пандемияға дейін де осал жағдайда отырған қауымдастықтарға әкелді. 
Жыл сайын 7 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында біз БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы ұлттық денсаулық сақтау жүйесін қолдауға бағытталған бастамалары туралы айтылды.
  БҰҰДБ Азия даму банкімен (АДБ) бірлесіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің төтенше жағдайларға тұрақтылығын күшейту бойынша бастаманы іске қосты. Аталмыш бастама шеңберінде медициналық қызметкерлерге арнап, емдеу мекемесі қабырғасында медициналық қалдықтарды дұрыс жинау, сұрыптау, жою, тасымалдау және бақылау бойынша стандарттар мен нұсқаулықтар әзірленді.