11.11.2024, PhD доктор Мырзатаев Н.Д. және 1-курс студенті Сатбек Ә.М. ұйымдастыруымен 107-топ студенттерімен «Гендірлік теңдік» тақырыбында кездесу өткізілді.
Гендерлік теңдік әр адамның жынысына қарамастан бірдей ресурстарға, мүмкіндіктер мен бостандықтарға қол жеткізуін қамтамасыз етуді білдіреді. Осылайша, білім беруге, жұмыспен қамтуға, денсаулық сақтауға, әлеуметтік, саяси және экономикалық қызметке қатысуға тең қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс. Гендерлік теңдік сонымен қатар жыныстық кемсітушілік пен теңсіздікке ықпал ететін әлеуметтік нормалардан, стереотиптерден және алалаушылықтардан бас тартуды білдіреді.
Гендерлік теңдікті іске асыру БҰҰДБ-ның негізгі міндеттемесі болып табылады.Қазақстанда БҰҰДБ елді оның гендерлік теңдік жөніндегі міндеттемелерін орындауда қолдауды жалғастырап отыр. Әйелдерге шешімдерді қабылдауға қатысуға, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттірек болуға, жеке меншік секторында басшылық лауазымдарды атқаруға және гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы бірігуге көбірек мүмкіндіктер ашатын шараларды ынталандыруға баса назар аударылады.
БҰҰДБ-ның Стратегиялық жоспарымен сәйкестендірілген БҰҰДБ-ның 2022–2025 жылдарға арналған гендерлік теңдікті қамтамасыз ету стратегиясы осы міндеттемелерді орындауда маңызды рөл атқарып, гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтарын кеңейту саласындағы прогресті жеделдетуде елдер мен қауымдастықтарға қолдау көрсетуге бағытталған.