- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Құқықтық білім және қоғамдық пікір: студенттердің дебаттары арқылы кәсіби дағдыларды дамыту»
«Құқықтық білім және қоғамдық пікір: студенттердің дебаттары арқылы кәсіби дағдыларды дамыту»
12.11.2024 «Сапалы білім беру» БҰҰ ТДМ №4 іске асыру шеңберінде қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Худайбергенов Ж.Т. және Заң факультетінің 115,116,117 топ студенттерімен дебат өткізілді. Оның мақсаты - студенттерге сыни ойлауды, аналитикалық қабілеттерді және сенімді сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру. Дебаттар студенттерге түрлі тақырыптарда ақпаратты талдауға, өз пікірін негіздеуге және қарсы көзқарастарды құрметтеуге үйретеді. Олар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, зерттеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Сонымен қатар, дебаттар командада жұмыс істеу, уақытты тиімді пайдалану және шешендік өнер сияқты маңызды әлеуметтік дағдыларды қалыптастырады. Университет деңгейінде мұндай іс-шаралар қоғамдағы маңызды мәселелерге студенттердің белсенді араласуын ынталандырады, ал бұл өз кезегінде жауапты әрі білімді мамандарды дайындауға септігін тигізеді. Дебат ойындары Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының 115,116,117 топ студенттерімен өткізілді.