Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде қонақ дәрісі өткізілдіFarabi University

Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде қонақ дәрісі өткізілді

18 қараша, 2024

13.10.2024 ж. БҰҰ ТДМ-13 аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ҒЗЖ және ХҚ бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD докторы Рашева Гульнур Койшынқызы Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» оқу бағдарламасының 4 курс студенттеріне «Қоршаған ортаны қорғау құқығы» пәні бойынша «Климаттың өзгеруімен күрестің құқықтық негіздері» атты тақырыпта қонақ дәріс өткізді. онда қазіргі кездегі Қазақстанның климаттың өзгеруімен күресудің мәні мен мазмұнын ашып көрсетті. Ол студенттерге еліміздің климаттық өзгерістерге бейімделу шаралары, мемлекеттік климаттық кадастр және парниктік газдар шығарындыларын құқықтық реттеу, озон қабатын қорғау мәселелері туралы жан-жақты ақпарат берді. Қонақ дәріс студенттер үшін өте қызықты өтті, студенттер қазіргі халықаралық заңнамалардағы өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.