Бала қауіпсіздігі - басты міндет.
18 қараша, 2024 жылы қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті О.Н.Тілепбергенов және Елтұтқа клубының мүшелерімен “Тұрақты даму мүдделерінде бейбіт және ашық қоғамның құрылуына жәрдемдесу, барлығы үшін сот әділдігіне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беруге міндетті және кең қатысуға негізделген мекемелерді құру” атты БҰҰ ТМД №16 мақсаты аясында дискуссиялық отырыс өткізілді. Жыл сайын әлемде 5 жасқа толмаған 7,6 миллион бала қайтыс болады. 25 еседен артық бала тірі қалады, бірақ өзінің толық әлеуетіне жете алмайды. Соның нәтижесінде, сараптамалық бағалауға сәйкес, елдер ересек халықтың өнімділігінің 20 пайызға жуығын жоғалтады екен. Сол себепті балаларға қатысты қорлық көрсетуге, оларды пайдалануға, саудаға салуға және зорлау мен азаптаудың барлық түрлеріне нүкте қою туралы құқықтық ұсыныстар жасалды.