- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 16 - Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар мақсаты аясында “Заң - тәртіп пен әділеттіліктің негізі”.
ТДМ 16 - Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар мақсаты аясында “Заң - тәртіп пен әділеттіліктің негізі”.
Қараша айының 7 жұлдызында ТДМ 16 - Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар мақсаты аясында “Заң - тәртіп пен әділеттіліктің негізі” атты тақырыпта Геодезия және картография мамандығының 4 курс студенттерімен тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстандағы сот әділдігінің жағдайы туралы ақпарат беріп, тұрақты даму үшін бейбітсүйгіш және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығына сот әділдігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейде тиімді, жауапкершілікті және кеңінен қатысуға негізделген мекемелер құру. Тәрбие сағаты барысында студенттер өз ойларын ашық білдіріп, сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысып отырды. Олар әлемде болып жатқан зорлық-зомбылық мәселелерін талқылады. Көптеген елдегі қоғамдық және заңдық әділетсіздік жайында ойларын бөлісе отырып, әділ сот ұйымдастырылуы қажеттігі туралы идеяларын ортаға салды. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі жемқорлық екенін жоғарыда аталған заттарға қалай әсер ететіндігі айтылды.
Қорыта айтқанда, әлемдегі түрлі өзгерістер мен қақтығыстарды ескере отырып, өз еліміздегі, қоғамымыздағы адамдар арасындағы өзекті мәселелер талқыланып, болашақта заңның толық күші болатын әділетті елге айналамыз деген оптимизммен сабақ өз мақсатына жетті.