ТДМ-4: «Көпшілік ортада сөз сөйлеудің 10 шарты» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

20 қараша, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың психологиялық қолдау қызметі мен «Инклюзивті орта» ғылыми-тәжірибелік орталығы ТДМ-4: «сапалы білім беру» аясында 20 қараша күні география факультетінің студенттеріне арналған «Көпшілік алдында сөз сөйлеудің 10 шарты» атты семинар-тренинг өткізді. Бұл семинар-тренингке келген студенттер ортада сөйлеудегі қабілеттерді дамытудың маңыздылығы мен оларды тәжірибеде қолданудың қыр-сырын білді. Сонымен қатар көптеген пайдалы ақпараттар алды. Семинар барысында көптеген мысалдар келтіріліп, студенттер алған білімдерін іс жүзінде қолдана алды.

Семинарда көпшілік алдында сөз сөйлеудің келесі шарттары жарияланды:

- мақсатты анықтау

- материалды дайындау

- репетиция

- эмоционалды байланыс

- айқындық пен қысқалық

- сенімділік

- дене тілін бақылау

- дауыспен жұмыс

- нақты уақыттағы бейімделу

Сондай-ақ семинар барысында студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін ашу мақсатында топтық ойындар ұйымдастырылды.