ТДМ-4: «Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері» тақырыбында семинар-тренинг

20 қараша, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы мен Психологиялық қолдау қызметі бірлесіп,  ТДМ-4: «Сапалы білім беру» аясында 20 қараша күні География және табиғатты пайдалану факультеті студенттеріне арнап «Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Бұл тренинг барысында қатысушыларға сөз сөйлеу дағдыларын дамытуға, көпшілік алдында өз ойларын анық әрі сенімді жеткізуге бағытталған түрлі әдістер ұсынылды. Тренингте сөз сөйлеудің техникасы, дұрыс дауыс ырғағын қолдану, аудиториямен байланыс орнату және әртүрлі жағдайларға дайын болу мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, сенімділік тақырыбы да кеңінен талқыланып, өз-өзіне сенімді болу үшін не істеу керектігі жөнінде практикалық кеңестер берілді. Қатысушылар ортаға шығып, өз пікірлерін білдіріп, сөз сөйлеудің түрлі тәсілдерін байқап көрді. Осы тренинг арқылы әрбір қатысушы өз сөз сөйлеу шеберлігін жетілдіріп, көпшілік алдында сөйлегенде сенімді болу үшін маңызды құралдармен танысты.