- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Кассациялық инстанцияда істі қараудың тәртібін, ерекшелігін анықтау» тақырыбы бойынша ашық сабақ
«Кассациялық инстанцияда істі қараудың тәртібін, ерекшелігін анықтау» тақырыбы бойынша ашық сабақ
Бүгін 20.11.2024 жылы ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында 301 топ суденттері мен азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы Ж.С. Сапарбекованың жетекшілігімен «Кассациялық инстанцияда істі қараудың тәртібін, ерекшелігін анықтау» тақырыбы бойынша сот процесі үрдісінде ашық сабақ өткізілді.
Сот процесінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығы бойынша іс алқалық сотта қаралды. Сотқа төрелік етуші сот - 301 топ студенті Рахым Азамат, судьялар- Якияев Мұхтархан, Оспанғали Олжас, Қайратұлы Арнат және Мұқатай Алихан.
Сабақтың мақсаты- студенттердің алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуін үйрету және ізденімпаздыққа баулу.«Сатып алу-сату шартынан туындайтын дауларды шешу» тақырыбында:
1. Меншік құқығы;
2. Сатып алу-сату шартының негіздері;
3. Жалған мәмілелер жасау мәселелері қарастырылды. Студенттер белсенді ат салысты.