- Басты бет
- Жаңалықтар
- "R&AI" командасының жетістіктері: First Tech Challenge аймақтық кезеңіндегі табыс
"R&AI" командасының жетістіктері: First Tech Challenge аймақтық кезеңіндегі табыс
2024 жылдың 21 қарашасында №124, №81 және НИШ мектептерінің оқушыларынан құралған "R&AI" командасы Семей қаласында өткен First Tech Challenge сайысының аймақтық кезеңінде табысты өнер көрсетті. Командаға КазНУ «Робототехникалық жүйелер» мамандығының 4-курс студенті Бақытқанов Диас жетекшілік етті.
Бұл байқау робототехникаға қызығушылық танытқан оқушылар үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуға, техникалық дағдыларын шыңдауға және командамен жұмыс істеу машығын жетілдіруге тамаша мүмкіндік болды.
First Tech Challenge сайысы оқушылардың психикалық және эмоционалдық денсаулығына оң әсер етеді. Жобаға қатысу шығармашылық әлеуетті ашуға, шешім қабылдау қабілетін дамытуға және табысты жұмыс істеу үшін қажетті білім мен сенімділікті арттыруға ықпал етеді. ЦУР 3
"R&AI" командасы сайыста келесі нәтижелерге қол жеткізді:
- Central Asia FTC сайысына қатысуға квота ұтып алды, бұл оқушыларға білім сапасын арттыруға және халықаралық деңгейде тәжірибе жинауға мүмкіндік береді (ЦУР 4: Сапалы білім).
- Think Award сыйлығын иеленді, бұл роботтарды жобалау мен инновациялық шешімдерде жоғары жетістіктерін дәлелдеді (ЦУР 9: Индустрия, инновация және инфрақұрылым).
- Finalist Alliance Partner Award номинациясы бойынша марапатталды. Команданың финалға өту жолындағы ынтымақтастығы мен командалық жұмысы жоғары бағаланды (ЦУР 17: Әріптестік мақсат үшін).
"R&AI" командасының жетістігі тек техникалық білімдерін ғана емес, сонымен бірге олардың келешекке деген сенімдерін де нығайтты. Бұл оқушылар робототехника мен инженерия саласындағы дағдыларын дамытып қана қоймай, жаңа белестерді бағындыруға дайын екендіктерін көрсетті.
Команда мүшелерін және олардың жетекшісі Бақытқанов Диасты шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы Central Asia FTC сайысында сәттілік серік болсын! "R&AI" командасы білім мен инновация жолындағы жарқын болашақтың жаршысы екендігіне сенімдіміз.
Ахметова Балжан Ибрагимқызы,
Механика кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары