«Лайықты жұмыс және экономикалық өсу»
2024 жылдың 26 қарашасында Түркітану және Тіл теориясы кафедрасында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс магистранттарымен «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тұрақты даму мақсаттарына сәйкес еңбек жағдайларын жақсарту және экономикалық өсуді қолдау стратегияларын талқылау, сондай-ақ студенттер арасында кәсіби этика мен тұрақты мансаптық дамудың маңыздылығын түсіндіру болды. Пікірсайыс қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өтті. Пікірсайыс студенттерге лайықты жұмыс туралы білімдерін тереңдетіп, көпшілік алдында сөйлеу, сыни ойлау, дәлелдеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушылары М. Жамбылқызы және А.А. Камзина.