Омбыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылдыFarabi University

Омбыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылды

28 қараша, 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінде  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалын салтанатты түрде ашты. Бұл маңызды оқиға Ресей Президентінің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында ұйымдастырылды.  

Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев және Омбы мемлекеттік университетінің ректоры Сергей Замятин қатысты. Жаңа филиал «Кеден ісі» білім беру бағдарламасы бойынша да бакалавриат пен магистратура деңгейінде мамандар даярлауға бағытталған. Сонымен қатар, «Кеден ісі» бағытына арналған Ш.Уәлиханов атындағы арнайы кабинет ашылғанын атап өткен жөн.