«Кітапхана – әлемдегі ең үлкен зертхана»
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың зерттеулерге қолдау көрсетуді ерекше атап, «Ғылым мен білімді қолдау – біздің басты мақсатымыз. Ел болашағы – терең білімді азаматтардың қолында» деген маңызды үндеуіндегі идеяларды жүзеге асыру мақсатында және ғылыми зерттеулерді жандандыру және жас ғалымдарды қолдау бағытында 2024 жылдың 27 қараша күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында Таусоғарова Аяужан Кайратовна және Кайбулдаева Аксауле Зауытбековнаның жетекшілігімен «Түркітану» мамандығының 1 курс докторанттарымен «Кітапхана – әлемдегі ең үлкен зертхана» атты докторанттарды кітапханамен таныстыру іс-шарасын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – докторанттарды кітапхана ресурстарымен таныстыру, зерттеу жұмыстарына қажетті ақпаратты іздеу әдістерін үйрету, ғылыми зерттеулерді жүргізуге қажетті дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Шара барысында бас кітапханашы Темирова Гүлмира Нұрманқызы докторанттарға кітапхананың қызметтері, электронды каталогы, ғылыми мәліметтер базасы, электронды кітаптар, халықаралық ғылыми журналдарға қол жеткізу мүмкіндігі, сондай-ақ, кітапхананың онлайн ресурстары туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, докторанттарға ғылыми еңбектерді жазу, дұрыс әдебиеттерді таңдау, ғылыми стильде жазу және ғылыми этика туралы семинарлар өткізілді.
Кітапхана қызметкерлерінің тәжірибесі мен білімдері арқасында докторанттар ғылыми зерттеулерін жүргізуге қажетті ақпараттарды іздеу, талдау және пайдалану әдістерін үйренді.
Шараның соңында докторанттарға кітапхананың ресурстарымен жұмыс жасауға арналған кітапшалар таратылып, сұрақ-жауап сессиясы өткізілді.
Іс-шара докторанттар үшін өте пайдалы болды және олардың зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ғылыми еңбектерін жазуға, ғылыми зерттеулерге деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізді деп сенеміз.
Ұйымдастырған: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының доцент м.а А.Қ. Таусоғарова, аға оқытушысы А.З. Кайбулдаева, және кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие істері бойынша орынбасары Ш.Т. Кудьярова.