ТДМ «Сапалы білім беру» бағытындағы 4-ші және «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» 8-ші мақсаттарына сәйкес 2024 жылдың 23 қарашасында Экономика және бизнес жоғары мектебі «Экономика» кафедрасы ұйымдастырумен «Макроэкономикадан» Алматы қаласындағы ЖОО-лар арасында «EcoNomads» атты пәндік олимпиада сайысы өтті. «EcoNomads» сайысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ: «Цифрлық экономика», «Қаржы», «МжЖБ», «Менеджмент», «Логистика» мамандықтарының 2 және 3-курс студенттері, Каспий қоғамдық университеті, UIB университеті және АГЭУ студенттері қатысты.
Олимпиада 4 кезеңдік жарыс сипатында өтті. Сайысқа қатысушылар макроэкономикалық мәселелерді, соның ішінде инвестицияларды ынталандыру, инфляция мен жұмыссыздықты, әсіресе жастар жұмыссыздығын, азайту, ел экономикасын әртараптандыру мәселесін шешу, ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою мен экономикалық өсуді тұрақтандыру бойынша видео-жобалық жұмыстарын ұсынып қорғады. Сайыс қорытындысы ретінде жеңімпаздар мен белсенділер марапатталынды. Бұл сайыстың қазылар алқасы мүшелері ретінде Экономика кафедрасының Макроэкономика пәнінің оқытушылары және ҚР Ұлттық банкінің Алматы қ. тұрақты өкілдігінің Экономикалық зерттеулер басқармасынан арнайы шақыртылған талдаушы маман – Аякөз Ханет ханым қатысты.
Сайыс өте қызықты өтті, студенттер өздерінің Макроэкономика пәнінен алып жатқан білімдерін бағалауға мүмкіндік алды, сонымен қатар, студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін де көрсете білді, олардың өздерінің ұйымдастырылуымен келген қонақтар алдында кішігірім концерттік бағдарлама да ұсынылды. Мұндай сайыстардың басты артықшылығы мен маңыздылығы жоғары курс студенттерінің кіші курс студенттерімен өзара әрекеттесуін ынталандыру, студенттердің өзіндік басқарушылық дағдыларын дамыту және пән бойынша оқыту нәтижелерін терең қалыптастыру.
Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының оқытушылар құрамы: Г.К. Иляшова, Д.Ж. Рахматуллаева, Д.Р. Тураров, Ж.Т. Бейсенбаев, Т.П. Табеев, Е.М. Жоламанов, Ш. Нұрғазы.