- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4-ке қол жеткізудегі цифрлық технологиялардың рөлі: барлығы үшін сапалы білімге қол жеткізу
ТДМ 4-ке қол жеткізудегі цифрлық технологиялардың рөлі: барлығы үшін сапалы білімге қол жеткізу
25.11.2024 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Экономика кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Сабирова Рысты Куандыковна 6В04103-Экономика ББ-ның 4 курс студенттерімен кездесіп, «ТДМ 4-ке қол жеткізудегі цифрлық технологиялардың рөлі: барлығы үшін сапалы білімге қол жеткізу» атты лидерлік дәріс өткізді. Рысты Куандыковна Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында «Фирма экономикасы және цифрлық экономика жағдайындағы экономикалық қауіпсіздік» курсынан біліктілігін арттыруда.
Цифрлық технологиялар білім беру саласының барлық аспектілерін өзгертіп, оны қолжетімді, икемді және инклюзивті ететіндігін атады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 4, сапалы білімге барлығына қолжетімділікті қамтамасыз етудегі цифрлық технологиялардың атқаратын рөлі зор. 1) онлайн білім беру платформаларының дамуы: Coursera, Khan Academy, Bilimland сияқты платформалар білім ресурстарын географиялық шекаралардан асырып, ауылдық және шалғай аудандардағы білім алушыларға мүмкіндік береді. 2) мобильді қосымшалар мен цифрлық құралдар: оқытушылар мен студенттер білім беру процесін жеңілдету және тиімдірек ету үшін мобильді қосымшаларды, интерактивті құралдарды және виртуалды зертханаларды қолданады. 3) инклюзивті білім беру: цифрлық технологиялар ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім алуға мүмкіндік береді.
Цифрлық технологиялар сапалы білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашып, қоғамдағы білім деңгейін арттырудың қуатты құралына айналғандығын айтты. Қазақстан үшін бұл жолда инфрақұрылымды жақсарту, цифрлық теңсіздікті азайту және білім беру платформаларын ыдамыту – басты міндеттердің бірі болып табылады деп қорытындылады.
Ұйымдастырушылар: Экономика кафедрасы, Андабаева Г.К., Тураров Д.Р.