Біз қарым-қатынастағы кедергілерді жеңуді үйренеміз

29 қараша, 2024

4 ТДМ-ға сәйкес мемлекеттің тұрақты дамуы бағыттарының бірі – өз білімін тәжірибеде қолдана алатын жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау. Бұл қабілетті «Менеджмент» білім беру бағдарламасының көптілді топтың 2 курс магистранттары «Іскерлік коммуникация» пәнін оқу барысында сәтті көрсетті. Әрбір магистрант бірнеше тілді меңгерген және өзінің тілдік білімі мен коммуникациялылығын ұлттық немесе шетелдік компаниялардың бірінде жұмыс істеу кезінде тексереді. Бұл туралы олар кезекті семинарға дайындаған іскерлік коммуникациялардағы кедергілер жайлы баяндамаларында айтты. Олардың отандық және шетелдік іскер серіктестермен қарым-қатынас жасау кезіндегі жеке тәжірибелері, қарым-қатынастағы кедергілерді қалай жеңгені және осы кедергілерді жеңуге қандай дағдылар көмектескені туралы мысалдар ерекше құнды болды. Сондай-ақ магистранттар әлі де қандай дағдыларды игеру керек, қандай жеке қасиеттерді меңгеру немесе жетілдіру керектігі туралы қорытынды жасады.