«Қазақ және әлем әдебиетіндегі гендерлік мәселелер»
Жаңа Қазақстан идеясы аясында білім беру жүйесін жетілдіру, оның сапасын арттыру арқылы зияткерлік әлеуеті жоғары, саналы және жауапты жастарды тәрбиелеуде, «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, университеттің Тұрақты даму мақсаты аясында апта сайын әртүрлі іс-шаралар өткізуде. «ТДМ 5. Гендерлік теңдік» аясында 2024 жылдың 28 қарашасында PhD, аға оқытушы Э.С.Сейсенбиеваның жетекшілігімен 8D02304 Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанттары Уразгалиева С.А. мен Болат Рауан «Қазақ және әлем әдебиетіндегі гендерлік мәселелер» атты тәрбие сағатын өтті. Сабақ барысында С.Уразгалиева қазақ әдебиетіндегі гендерлік саясат бойынша баяндама оқыса, Р.Болат Корей әдебиетінендегі гендерлік саясатқа қатысты романға талдау жасады. Гендерлік саясат қазіргі қоғамдағы ең келелі мәселе болғандықтан студенттерде өз ойларымен бөлісіп, сабақ пікір-талас түрінде қызықты өтті. Тәрбие сағатының сергіту сәтінде гендерлік саясатқа қатысты сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, студенттер өздеріне біраз мағлұмат алғанын айтты. Сондай-ақ, студенттер әннен шашу шашып, поэзия оқыды. Тәрбие сағаты өте қызықты да тартымды өтті.