
Бүгін, 29.11.2024 ж. №17 "Тұрақты даму мүддессі үшін серіктестік" ТДМ іске асыру шеңберінде Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі з. ғ. д., профессор Ж. С. Сүлейменованың жетекшілігімен кафедраның аға оқытушылары Г. А. Худайбердина және Ж. С.Сапарбековамен "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында ЖШС "UIB көпсалалы Колледжі" студенттері үшін қонақ дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Г.А. Худайбердина мен Ж. С. Сапарбекова студенттерге қазіргі қоғамдағы құқықтық тәрбиенің маңыздылығы туралы айтып берді. Олар Қазақстан Республикасы заңнамасының құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты сұрақтар қойды. Мұндай кездесулер студенттердің заңдарға құрметпен қарауын қалыптастыруға, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және құқықтық өзін-өзі танудың маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.