Тұрақты даму мақсаттары және олардың экономикалық өсуге ықпалы

29 қараша, 2024

28.11.2024 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің Экономика және менеждмент кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты  Куантқан Биболат Куантқанұлы 6В04103-Экономика ББ-ның 3 курс студенттерімен кездесіп, «Тұрақты даму мақсаттары және олардың экономикалық өсуге ықпалы» атты лидерлік дәріс өткізді. Биболат Куантқанұлы Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында біліктілігін арттыруда. 

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – бұл 2030 жылға дейін әлемді экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан тұрақты етуге бағытталған БҰҰ бастамасы екенін айтып, экономикалық өсу мен ТДМ арасында тығыз байланыс бар, себебі тұрақты даму мықты экономикалық негізге сүйенетіндігін атап көрсетті.

ТДМ-ның экономикалық өсуге ықпалын келесі мақсаттар арқылы көруге болады: 1) жұмыспен қамту және табысты арттыру (ТДМ 8), яғни лайықты жұмыс орындарын құру және еңбек өнімділігін арттыру экономикалық өсудің басты факторы болып табылады және шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы табыстардың теңсіздігін азайтуға мүмкіндік туындайды. 2) инновациялар мен инфрақұрылымды дамыту (ТДМ 9), яғни инновацияларға инвестиция салу жаңа технологияларды енгізуге және өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал етеді. 3) теңсіздікті азайту және инклюзивті өсу (ТДМ 10), яғни табыс, білім және мүмкіндіктердегі теңсіздікті азайту экономикалық ресурстардың барлығына қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. 4) экологиялық тұрақтылық (ТДМ 13), яғни табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және жасыл экономикаға көшу ұзақ мерзімді экономикалық өсу үшін маңызды екендігін жеткізді.

Қазақстан ТДМ-ды жүзеге асыруда белсенді жұмыс атқаруда, оның ішінде «Жасыл экономикаға» көшу стратегиясы, жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар көп мөлшерде салынып жатыр және ауылдық жерлерде инфрақұрылымды жақсарту және сапалы білім беру (ТДМ 4) экономиканың ұзақ мерзімді өсуіне ықпал ететіндігін атап өтті.

Ұйымдастырушылар: Экономика кафедрасы, Андабаева Г.К.