Дөңгелек үстел: «Студенттер арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дамыту»

«Сапалы білім» Тұрақты даму мақсаттарына орай, 2024 жылдың 12-қарашасында медицина және денсаулық сақтау факультеті «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 2-4 курс студенттерінің қатысуымен «Студенттер арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дамыту» атты факультеттік іс-шара ретінде, дөңгелек үстел өткізілді. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенті Жақсылық Аделия Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауындағы 7- мәселе – «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі» тақырыбын талқылау мақсатында баяндама жасады. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Студенттер қоршаған ортаны қорғауды, таза ұстауды, электрді, суды үнемдеуді, дұрыс тамақтануды өзімізден бастап, халыққа үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыруымыз қажет. Материалдарды нықтау мақсатында кері байланыс ретінде, ойын түрінде сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің соңында қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің директоры Даниярова А.Б. осы тұрғыда пікірімен бөлісіп, іс-шараға оң бағасын берді. Факультеттік іс-шараны ұйымдастырушы аға куратор Арынова Г.А. «Студенттер арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дамыту» туралы іс-шараны қорытындылап, қатысушыларға алғысын айтты. Студенттер қоршаған ортаға ұқыпты қарау туралы білімдерінің толыққанына риза болып, қоршаған ортаны қорғау мәселесі негізгі міндеттердің бірі болатынығын айтты.
Басқа жаңалықтар


