"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗГЕ ЕЛДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ"

2024 жылдың 2-ші желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультетінде аталған факультеттің 1-ші курс студенттерімен бірге филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен БҰҰ "Тұрақты даму мақсаттары" 17-ші. "Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік" бағдарламасы аясында "Қазақстанның өзге елдермен қарым-қатынасы" атты қазақ-ағылшын тілдерінде халықаралық деңгейде іс-шара өтті. Іс-шараға механика-математика факультетінің студенттерімен бірге шетелде оқып жатқан студенттер: Жылысбаева Көркемай Рахатқызы (Италиядағы Мессина университеті, Италия), Байырбек Перизат Әбдіманапқызы (Шмалкалден университеті, Германия), Серікбай Балнұр Қуанышқызы (Цукуба университеті, Жапония) қатысты. Шетелде оқып жатқан қазақстандық студенттер өздері оқып жатқан университет пен ондағы білім беру сапасы туралы фото, видеороликтер арқылы бөлісті.
Іс-шара барысында механика мамандығының 1-курс студенті Жамбыл Темірлан Қазақстанның Ресей, Қытай және Америкамен қарым-қатынасы туралы слайд дайындап, мол ақпарат айтса, актуарлық математика мамандығының 1-курс студенттері Бахтияр Нұраділ мен Шулимбаева Амина Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы туралы презентация қорғады. Қолданбалы математика мамандығының 1-курс студенті Сәрсенбаев Жасұлан Қазақстанның Ресей мен Түркия мемлекеттерімен қарым-қатынасы туралы слайд дайындап, маңызды ақпараттармен бөлісті. Байырбекова Балнұр, Абдыхамитова Айжан (математика мамандығы), Бақтыгерей Дінмұхамед, Асылбек Гүлдана (ғарыштық техника және технологиялар мамандығы), Тасболат Тажимбек, Тоқтасын Алмас және Байсымакова Айым (есептеу техникасы және статистика) қазақ-ағылшын тілдерінде достық туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтты. Модератор қолданбалы математика мамандығының 1-курс студенті Тұрарбеков Дінасыл іс-шараны қазақ-ағылшын тілдерінде жүргізді. Шара соңында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Жубанова Куляш Хорезмовна студенттерге алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.
Ұйымдастырушылар: Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары: аға оқытушы Жубанова К.Х., Бекмашева Б.Н., Куралова А.Т., Мырзабаева А.Ж., Турсынбекова У.Т., Жемилева М.М., Ушкемпиров Б.М.
Басқа жаңалықтар

