«Әйелдердің құқықтарын қорғау – әлеуметтік әділеттілікке қадам»

ТДМ -5 "Гендерлік теңдік " қағидасын іске асыру мақсатында және ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аясында заң факультетінің 302 тобы мен журналистика факультетінің 1 курс студенттері, «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Урисбаева мен «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының аға оқытушысы М.С.Нурманованың жетекшілігімен «Әйелдердің құқықтарын қорғау – әлеуметтік әділеттілікке қадам» тақырыбында мазмұнды іс-шара өткізді.
Іс-шара «Журналистика факультеті» ғимаратында ұйымдастырылып, оған журналистика мамандығының студенттері және қонақтар ретінде құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: қатысушыларға әйелдердің құқықтарын қорғаудың құқықтық және әлеуметтік аспектілерін түсіндіріп, қоғамда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ақпарат беру және әйелдерге қатысты әлеуметтік әділетсіздік пен құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу шараларын талқылау.
Іс-шара барысында талқыланған негізгі тақырыптар:
1.Әйелдердің құқықтары: құқықтық негіздер мен халықаралық тәжірибе. Қатысушыларға әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған БҰҰ-ның халықаралық конвенциялары мен Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік саясаты түсіндірілді.
2.Гендерлік теңдік және әлеуметтік әділеттілік. Қоғамдағы әйелдердің құқықтарының қорғалуының маңыздылығы, олардың білім алуға, еңбек етуге, қауіпсіздікке және жеке өмірге деген тең құқықтары талқыланды.
Іс-шара барысында студенттер топтарға бөлініп, әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған арнайы жобалар ұсынды. Сонымен қатар, құқық қорғау ұйымдарының өкілдері тәжірибелерімен бөлісіп, өздеріне жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
Қатысушылар гендерлік теңдік мәселелері бойынша өз білімдерін тереңдетіп, әйелдердің құқықтарын қорғаудың маңыздылығын түсінді. Қоғамдық пікір қалыптастыру үшін осындай іс-шаралардың жалғасуы қажеттілігі туралы ұсыныс жасалды.