- Басты бет
- Жаңалықтар
- 25 қараша күні дүние жүзі бойынша Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күнін атап өтеді
25 қараша күні дүние жүзі бойынша Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күнін атап өтеді
 (14).png)
Медицина және денсаулық сақтау факультетінің іргелі медицина кафедрасында №5 «Гендерлік теңдік» тұрақты даму мақсатын орындау шеңберінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні» тақырыбында іс-шара өтті.
25 қараша күні дүние жүзі бойынша Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күнін атап өтеді. Бұл күн әлемнің көптеген елдеріндегі әйелдердің алдында тұрған жаһандық зорлық-зомбылық пен кемсітушілік мәселесін еске салады. Іс-шара аясында зорлық-зомбылық мәселесі, оны шешу жолдары және теңдік пен әділет қағидаттарын ілгерілету мәселелері талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаттары:
- Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне жұртшылықтың назарын аударту.
- Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған бастамалар мен бағдарламаларды таныстыру.
Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультеті, іргелі медицина кафедрасы ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар ретінде оқытушылар Ибышева Н.Т., Хасидан М.Қ., Үрнеш Н.Ө., Акимниязова А.Н. және Ахаева Т.А. болды, сондай-ақ іс-шараға «Медицина» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері белсенді қатысты.
Іс-шарада гендерлік саясаттың бүгінгі жағдайы, гендерлік тақырыпты түсіндіру және әйелдер құқықтарының сақталуы туралы айтылды. Әйелдердің қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірдегі рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.
Осылайша, іс-шараға қатысушылар гендерлік теңдік адамның негізгі құқығы ғана емес, сонымен қатар бейбітшілік пен тұрақты дамуға қол жеткізудің қажетті шарты екеніне көз жеткізді.
Басқа жаңалықтар


