ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ АДАЛ АЗАМАТ

30 қараша, 2024

2024 жылдың 30 қарашасында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Г.А. Оразаева, М.Т. Джамалдинова, К.Т. Мулдабекова, Қ.М. Есенаманова, М.С. Әлмұғамбетова, А. Касымбекова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024ж. Қазақстан халқына Жолдауы аясында “Қазақ қоғамындағы адал азамат“ атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға философия және саясаттану факультетінің бакалавриаты мен магистратура студенттері, сондай-ақ Ауғанстанның Бадахшан Университеті тарих факультетінің аға оқытушысы Инаятулла Рахими, Қытайдың Алтай аймағынан келген «Білім беру менеджменті» мамандығы бойынша білім алып жатқан магистрантар Назерке Майданұр және Айжан Мұрат қатысты.

Қатысушылар «адал азамат» ұғымын жан-жақты талқылап, өз ойларын ортаға салды. Бір-біріне сұрақтар қойып тартысты әңгіме жүргізді. «Мәдениеттану» мамандығының 1 курс студенттері адалдық, адал қоғам туралы өздері түсірген бейнероликті қатысушылар назарына ұсынды.

Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың ұлы ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлерінің адалдық туралы айтқан сөздерін, өлеңдерін ағылшын тілінде айтып берді. 

Іс-шараны қорыта келгенде адал, әділетті қоғам құру үшін әрбір адам адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Адамдар адалдыққа сенгенде ғана қоғам әділетті бола алады.

https://www.instagram.com/reel/DC_XQTqgDLu/?igsh=cGZwaGkzdWYxZGc1