16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні

3 желтоқсан, 2024

3 желтоқсан 2024 ж. «Құқықтану» мамандығының студенттері мен мен «Қазақстанның Тәуелсіздік күні» тақырыбында ашық сабақ өткіздік. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы терең елдің жаңа дәуірде қайтадан егеменді ел атанған күні. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақ елдері тәуелсіз мемлекет болды. Олардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік және мемлекеттік егемендік туралы» заң қабылдады. Айта кету керек, Қазақстан КСРО елдерінің ішінде Тәуелсіздік туралы заңды ең соңғы болып қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы Декларациямен бірге қазақ елінің елдігін нығайтты. Қазақстанның Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі. Бұл дата Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда тойланады. «Қазақстанның Тәуелсіздік күнін» өткізу күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы посткеңестік кеңістікте өзінің мемлекеттік егемендігін жариялаған ең соңғы одақ болды. Оқушылар әнұранды орындап, сосын дайындаған баяндамаларын оқып, еліміздің тарихын еске түсіріп, 16 желтоқсанға арналған фильмдерді тамашалады.16 желтоқсан оқиғасын еске түсіріп, оқушылар бір-бірінің сөзін бөліп, сол күнгі оқиғалар туралы әңгімеледі.

Ұйымдастырушы Л.А.Турсалиева, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы