«Жақсылық күші бол»Farabi University

«Жақсылық күші бол»

3 желтоқсан, 2024

Бұл туралы айту керек!

2024 жылғы 03 желтоқсанда ТДМ-16 «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар», сондай-ақ «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» Халықаралық акциясы аясында диалог алаңы форматында «жақсылық күші бол» ұранымен жастармен кездесу өтті. Іс-шара Қазақстандағы Дағдарыс орталықтары одағының қолдауымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі және қоғамның бұл туралы ашық айтуға дайындығы талқыланды.

Журналист, медиа кеңістіктегі танымал тұлға Дәурен Меркеев тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін жариялаумен байланысты өзінің кәсіби қызметіндегі тәжірибесімен бөлісті. Ол құқықтық және этикалық нормалар арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың, проблеманы «ашуға» деген ұмтылыс пен зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамдар үшін салдарды түсінудің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің студенттері қатысты (Усеинова К.Р., Турсынкулова Д. А., Культемирова Л.Т.).

Қоғамдағы өзекті тақырып қызу пікірталас тудырды және балалардың осы немесе басқа мәселелерді тереңірек түсінуге деген ұмтылысын тудырды. Іс-шараның сөзсіз қорытындысы мәселе туралы айту керек деген сенім болды. Бұл себептерді түсінуге және қиын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.