Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
2024 жылдың 5 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Э.К. Бектурова және «6В02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 4 курс студенттерімен ТДМ 4 «Сапалы білім беру» аясында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Бұл іс-шараның мақсаты – өз Отанына деген патриоттық сезімді, азаматтық борыш сезімін, болашаққа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Қазақстанның Тәуелсіздік күні – бұл Қазақстан Республикасының басты ұлттық мейрамы. Бұл күн жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтеді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Республиканың Тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады.
Тәуелсіздік туын жеңіп берген қайсар Қазақстандық жастардың әр – біреуі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің парызымыз – ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.
Тәуелсіздік күніне ұйымдастырылған іс-шараның соңында Шәкәрім, Абай Құнанбаев, Бауыржан Момышұлы, Мағжан Жұмабаев, Шерхан Мұртаза, Дінмұхамед Қонаев, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға айтқан «Мен жастарға сенемін» атты үндеуімен аяқтады.
Шетел филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Э.К. Бектурова