29 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті оқытушысы, тілтанушы Құнанбай Арғынбек Өскемен қаласындағы Mugalim жобасы студенттеріне дәріс оқыды. Дәйекті дәрісте ұстаздың тұлғалық дамуы мен біліктілігін арттыру жолдары, бала психологиясына қатысты “мақтаудың дұрыс-бұрыс түрі”, оқытудағы діттем-меже жайында тереңірек айтылды. Кездесуде баланың ынта-жігерін арттырып, үйренуді оңтайлы ететін әдістер мен “learn to learn” бағдары ұсынылды. Семинардың 2-бөлімінде тіл туралы толғаныстар айтылды. Қазіргі медиа-мәтіндердегі калька аударма, шолақ сөйлем, шұбар тіл мен қазақы сөзсаптамға томпақ қолданыстар талқыланды. Мәтіннің мәнін ашар сөз айшықтары мен троптардың, экспрессоидтардың, перифраздардың стильдік қыры, прагматикалық мақсаты турасында талқы өтті.
Сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DBszgHNuKme/?igsh=MTZmaXI3bGR3Mm9wcg==