“Өлең, мен сені аялап өтем…”Farabi University

“Өлең, мен сені аялап өтем…”

7 желтоқсан, 2024

20 қараша күні Қазақ-Британ техникалық университетінде қазақтың аяулы ақыны, поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдық мерейтойына орай “Өлең, мен сені аялап өтем…” атты тағылымды кеш өтті. Тарихи маңызы бар “Тәуелсіздік залында” Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология мамандығы студенттері де өнер көрсетті, өлең оқыды, Мұқағали мен Фариза ақынның ғұмырынан ғибрат болар қойылым қойды. Әдеби-сазды кештің көркі ақын өлеңдеріне жазылған әнмен толығып, тағылым мен толғанысқа толы өлеңмен өрілді. ҚБТУ сахнасында өнер көрсетіп, ақынның қайраткерлік жолы мен ақындық әлемінен сыр шертер қойылым қойған филология студенттерінің жетекшісі – ҚБТУ сениор-лекторы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ оқытушысы Арғынбек Құнанбайұлы.
Кеш соңында ҚБТУ ұжымы ҚазҰУ студенттеріне іс-шараға атсалысқаны үшін разылығын білдіріп, арнаулы кәдесый, тәрбие жұмысы бойынша проректордың алғыс хатын табыстады.

https://www.instagram.com/reel/DCqj-JstAzH/?igsh=MTI2YzIxcjQybGk4