ТДМ 1: Кедейлікті жою. Learn English through story.
2024 жылдың 1 желтоқсан айында, «Шет тілдер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Койтасова Гүлжазира Аширқызы ТДМ1:«Барлық жерде барлық түрлердегі кедейлікті жою» бағдарламасы аясында ағылшын тілі пәнінен Тарих факультетінің 1 курс студенттеріне сабақ өткізді. Сабақтар онлайн өтті. Онлайн сабақ негізінен аз қамтылған студенттерге арналған. Сабақ барысында Learn English through story технологиясы қолданылды. Сабақтың мақсаты: студенттердің listening, reading and speaking skills, яғни тыңдау, оқу және сөйлеу қабілеттерін дамыту. Шет тілінде қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін студенттер атақты жазушы Ян Кэрудың «Жоғалған махаббат» атты 3 бөлімнен тұратын бейімделген аудио әңгімелерін тыңдады, оқыды және талқылады. Сабақ жаңа лексиканың контекстін танысумен басталып, тыңдалым мен оқу бірге жүріп, сұрақтарға жауап берумен және сюжетті талқылаумен аяқталып отырды. Тапсырма ретінде қайта тыңдалым жасау үшін әр бөлім сілтемелері, талқылау үшін сүрақтар беріліп отырды. Офлайн сабақ барысында әр бөлімі талқыланды.
https://drive.google.com/file/d/148rcfTxRK4Kl_PCTlDfISCl1fUGhYTZ9/view?usp=sharing