- Басты бет
- Жаңалықтар
- Аштықты жою, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың сапасын жақсарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына көмек көрсету мәселелерін шешуге энзимологияның қосқан үлесі
Аштықты жою, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың сапасын жақсарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына көмек көрсету мәселелерін шешуге энзимологияның қосқан үлесі

2024 ж. 04 желтоқсанда, ГУК-6-да, сағат 10.00-10:50 519 аудитория және 11:00-11:50 сағатта 335 аудиторияларда х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д., б.ғ.д., профессор Кенжебаева С.С. «Қолданбалы энзимология» пәнін оқу аясында "06В05103 – Биотехнология" мамандығының 3 курс студенттерімен «Аштықты жою, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың сапасын жақсарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына көмек көрсету мәселесін шешуге энзимологияның қосқан үлесі» тақырыбында дәріс өткізді.
Кіріспе сөзбен х.ғ.д., профессор Шоинбекова С. А. сөз сөйледі. Әрі қарай студенттердің баяндамалары тыңдалды: «Аштық проблемасы, оны шешу жолдары», «Аштықты жою мәселесін шешудегі энзимологияның мүмкіндіктері», «Тағам өнімдерін қалдықсыз өндіруде ферменттерді қолданылуы», «Мемлекеттің Агроөнеркәсіптік кешенінің проблемаларын шешудегі энзимологияның мүмкіндікьері мен үлесі», «Аштықты жою проблемаларын шешуде органикалық және ГМО өнімдерін алудағы энзимологияның үлесі». Студенттер агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын, биотехнология, энзимологияның перспективаларын үлкен қызығушылықпен талқылады, осы салалардағы заманауи проблемаларды, таза су тапшылығының проблемаларын, ГМО-ны жасап, қолдану және бұл технологиялардың тірі организмдерге, адамға әсерін талдады, қауіпсіз химиялық өсімдіктерді қорғау қосылыстарын жасап, қолдануын, қолданудың орындылығын және т. б. проблемаларды талқылады. Әрі қарай студенттер өздерінің эрудициясы мен теориялық дайындықтарын көрсететін ойындар ұйымдастырды. Студенттер ең алдымен кішкентайдан бастау керек екенін атап өтті, яғни өздерінен бастау керегін айтты, яғни таза суға, қоршаған ортаға, тағам өнімдеріне үнемді, ұқыпты және ұтымды қарау керектігін айтты, тағам қалдықтарын кәдеге жарату керектігіне назар аударды.
Студенттер бұл іс-шараны дайындауға және өткізуге өте үлкен жауапкершілікпен қарады: әдебиеттермен белсенді жұмыс жасағандығы байқалды, баяндамалар, презентациялар мен плакаттар сауатты дайындалған. Бұл олардың жоғары кәсіби деңгейінің жақсы көрсеткіші болды, іс-шара жүргізу барысында жеке қасиеттері мен патриотизмдерін көрсетті.
Басқа жаңалықтар


