«Абай ілімі» пәні аясында ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай өткен «Абай ілімі – рухани құндылықтар жүйесі» атты қорытынды танымдық сабақFarabi University

«Абай ілімі» пәні аясында ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай өткен «Абай ілімі – рухани құндылықтар жүйесі» атты қорытынды танымдық сабақ

10 желтоқсан, 2024

2024 жылы 10 желтоқсанда Фараби университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты «Абай ілімі» пәні аясында ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай «Абай ілімі – рухани құндылықтар жүйесі» атты қорытынды танымдық сабақ өткізді. Қорытынды сабаққа Қазақ ұлттық университетінің бірнеше факультетінің: филология және тарих факультеті, журналистика факультеті, шығыстану, медицина және қоғамдық денсаулық факультетінің 1 курс студенттері, барлығы 15 мамандық топтары қатысты.

Ең алдымен, Абай институтының ресми сайтындағы «АБАЙ ІЛІМІ» пәні туралы «ЕКІ ТОРҒАЙДЫҢ ӘҢГІМЕСІ» атты  мысал-әңгіме ұсынылды.   «АДАМДЫҚТЫҢ ПӘНІ», кісілікке үйрететін өмірлік мәні зор «Абай ілімі» пәнінің маңызы мен өзектілігі туралы айтылды. Абай институтының профессоры Төрегелді Тұяқбай студенттерге сәттілік тіледі.

Танымдық сабақта алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша: 1) «Абай ілімі» пәні тақырыптары бойынша әр мамандықтың топтық презентациясы;

2) Көрініс, рөлдік ойындар, кодекс бойынша ситуациялық көріністер; Абай шығармалары бойынша челлендж, видео, және т. б.;

3) Абай Таксономиясының соңғы сатысы (білімді қолдану) бойынша  интеллектуалдық өнім(Сөздік немесе Instagram парақшасы, телеграм арнасы және .т. д.).

Осы тәртіппен  түрлі мамандық студенттері «Абай ілімі» пәні бойынша аралық бақылауға дайындаған  интеллектуалдық өнімдер қатарында:  Әдебиеттану мамандығы - «Абай ілімінің құрамдас бөліктері: Қайрат  сипаттары мен категориялары» атты түсіндірме сөздік; Кино медиа  мамандығы, журналистика факультеті -«Абай в ХХІ веке» атты кинофильм», сондай-ақ, «Толық адам» концепциясы, «Абай іліміндегі  5 асыл іс пен бес дұшпан»  т.б тақырыптарда видеокөріністер, Абайдың кісілік кодексі, Абай шығармалары бойынша челленждер , инстаграмм парақшалар, телеграмбот канал т.б өнімдер көрсетті.

«Абай ілімі» пәні міндеттерінің бірі студент жастардың тұлғалық құзыретін дамыту болғандықтан, сабақтарда Абай ілімі аясында түрлі шығармашылық тапсырмалар беріледі және ол студенттердің қызығушылығын тудырып, өз қабілетін көрсетуге ынталандырады.  «Абай ілімі – рухани құндылықтар жүйесі» атты қорытынды танымдық сабақта осындай танымдық-шығармашылық сипаттағы көптеген тапсырмаларды студенттер ерекше ықыласпен орындады. Қорытынды сабақ жоғары деңгейде өтті, студент жастардың Абай ілімі бойынша алған білімдерін бүгінгі күнмен байланыстырып, өз тарапынан зерделеуге талпынды.

"Абай ілімі" пәні оқытушылар ұжымы  Төрегелді Тұяқбай, Нұргүл Алдабек, Бибігүл Даутова, Гүлжан Ыбырайқызы студенттердің орындаған тапсырмаларына лайықты бағасын беріп отырды. Қорытынды сөз алған Абай институтының доценті,  филология ғылымдарының  кандидаты, Ләйла Мұсалы «АБАЙ ІЛІМІ» пәнінің мән-мақсатын тағы бір атап өтіп, студент жастарды әрқашан «Ақыл, Қайрат, Жүректі» тең үстап, Абай өсиеттеріне адал болуға шақырды.