ТДМ 16 «Бейбітшілдік, әділдік және тиімді институттар»

14 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 14 желтоқсанында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының аға оқытушысы Жарболова Айгерім Жақсылыковнамен бірге 1-курс студенттері, 107 топ, ТДМ №16 «Бейбітшілдік, әділдік және тиімді институттар» тақырыбында кездесу өткізді.  

Әділдік пен тиімді институттарды орнату БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының негізгі қағидаларының бірі болып табылады. БҰҰ барлық азаматтардың құқықтарын қорғауға, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге және басқару жүйесін жақсартуға бағытталған. Бұл мақсаттарға бейбітшілік пен әділдікке негізделген қоғам құру арқылы қол жеткізу көзделеді.  

2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібі әділдік, құқық үстемдігі және инклюзивті қоғам құруды көздейді. БҰҰ-ның 2022–2025 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары әділдік пен тиімді институттарды дамытуға ерекше назар аударады. Бұл жоспар тиімді мемлекеттік және қоғамдық басқаруды қолдау, құқық үстемдігін нығайту, сондай-ақ жаһандық деңгейде әділдік пен бейбітшілікке қол жеткізу үшін кешенді шешімдер ұсынады.  

Мемлекеттік мекемелерде бейбітшілік, әділдік, құқық үстемдігі, тұрақтылық, азаматтық құқықтар және гендерлік теңдік бағыттарында жаңа буын саясатын жүзеге асыру үшін алты негізгі шешім ұсынылды. Бұл шешімдер қоғамдағы әділетсіздікті жоюға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және барлығына әділдік пен теңдікке қол жеткізуге бағытталған.  

Осындай іс-шаралар арқылы студенттер тек білім алып қана қоймай, әділдікке негізделген қоғамды қалыптастырудағы өз рөлін тереңірек түсінді. Бұл кездесу болашақ заңгерлердің адам құқықтарын қорғау мен тиімді институттар құруға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.