«Қазақстан: фактілер және сандар»
2024 жылдың 14 желтоқсанында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Ә.К. Шаяхмет пен Ә.Ж. Өтетілеуова Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан: фактілер және сандар» атты интерактивті іс-шараға өткізді. Ағылшын тілінде өткізілген іс-шараға Бразилияның Пара мемлекеттік университеті Pará State University (Universidade do Estado do Pará, UEPA), Оңтүстік Кореяның Сункюнкван университеті (SKKU / Seongdae), Литваның Каунас Технологиялық университеті (Kaunas University of Technology KTU), Ауғанстан және Пәкістан студенттері қатысты. Шығыстану факультетінің 1 курс студенттері өздерінің постерлері туралы баяндап, презентацияларын көрсетіп, сөзжұмбақ шешіп, сұхбаттасып, қойылым көрсетіп, би билеп, ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнап, ағылшын тілінде дағдыларын дамытты. Шара мемлекет басшысының құрылтайдың үшінші съезіндегі «Студенттермен жұмыста ұлттық құндылықтарды ұштастыру» атты Қазақстандағы жоғары оқу орындары алдындағы тапсырмасын жүзеге асыру аясында өтті.