ТДМ 5 Гендерлік теңдік

14 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 14 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 5-ші Тұрақты даму мақсатында (ТДМ) гендерлік теңдік тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шараға заң факультетінің 110 және 106 топтарының студенттері қатысып, өз білімдерін, сыни ойлау қабілеттерін және дәлел келтіру дағдыларын көрсетті.Іс шара "Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Турсынкулова Д.А. жетекшілігімен өтті.

Пікірталас барысында қатысушылар гендерлік теңдіктің негізгі аспектілерін, атап айтқанда, білімге қолжетімділік, мансаптық мүмкіндіктер, ерлер мен әйелдердің әлеуметтік рөлі және қоғамда қалыптасқан стереотиптерді талқылады. Командалар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен, ғылыми зерттеулермен және әлемдік тәжірибемен негіздеді.

Сонымен қатар, гендерлік теңдіктің қоғамның, экономиканың және мәдениеттің дамуына тигізетін әсері және әділ болашақ құрудағы маңызына ерекше назар аударылды. Пікірталас өзара сыйластық пен интеллектуалдық белсенділік атмосферасында өтті.

Бұл іс-шара өзекті мәселелерді талқылауға және студенттердің әлеуметтік дағдыларын дамытуға арналған маңызды алаңға айналды. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар мұндай пікірталастардың белсенді және прогрессивті жастарды тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті.